05 Ақпан, 2015

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің бұйрығы  №326

329 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін
2014 жылғы 30 маусым,  Астана қаласы Мемлекеттік инспекторларға қызметтік куәлігі, төс белгісі, нөмірлі мөртабаны және пломбирінің беру Қағидасын бекіту туралы «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 1-тармағы 61) тармақшасына, 37-бабының 2-тармағына, 38-бабының 3-тармағына, 39-бабының 3,4-тармақтарына сәйкес, бұйырамын: 1. Осы бұйрыққа қосымшасына сәйкес, ұсынылған Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қағадалау, өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау, азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторларға қызметтік куәлігі, төс белгісі, нөмірлі мөртабаны және пломбирінің беру Қағидасы бекіту. 2. Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті (Н.С. Құнанбаев) заңнамамен белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның алдағы уақытта бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді, сондай-ақ осы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі Ж.А. Смаиловқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр В. БОЖКО. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 30 маусымдағы №326 бұйрығымен бекітілді Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау, өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау, азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторларға қызметтік куәліктерді, төс белгілерін, нөмірлі мөртабандарды және пломбирлерді беру қағидалары 1. Осы Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау, өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау, азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторларға қызметтік куәліктерді, төс белгілерін, нөмірлі мөртабандарды және пломбирлерді беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағы 61) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1112 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеге» сәйкес әзірленді және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау, өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау, азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторларға қызметтік куәліктерді, төс белгілерін, нөмірлі мөртабандарды және пломбирлерді беру тәртібін айқындайды. 2. Қызметтік куәлік, төс белгі, нөмірлі мөртабан және пломбир лауазымға тағайындалған кезде мемлекеттік инспекторға қол қоюмен беріледі. 3. Қызметтік куәлік бес жыл мерзімге беріледі. 4. Берілген қызметтік куәлік, төс белгісі, нөмірлі мөртабан және пломбир есебін жүргізу үшін құрылымдық бөлімшенің кадрлық қызметі азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік инспекторларға қызметтік куәліктерді, төс белгілерін, нөмірлі мөртабанды және пломбирді беру журналын жүргізеді. 5. Азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік инспекторларға қызметтік куәліктерді, төс белгілерін, нөмірлі мөртабанды және пломбирді беру журналы нөмірленген, тігілген және құрылымдық бөлімнің елтаңбалы мөрімен бекітілген болуы тиіс. Азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік инспекторларға қызметтік куәліктерді, төс белгілерін, нөмірлі мөртабанды және пломбирді беру журналы формаларының үлгілері осы Қағидалардың 1-қосымшасында келтірілген. 6. Мемлекеттік инспектор берілген қызметтік куәлік, төс белгісі, нөмірлі мөртабан және пломбирдің сақталуына дербес жауаптылықта болады. 7. Мемлекеттік инспекторды жұмыстан босатқан кезде қызметтік куәлік, төс белгісі, нөмірлі мөртабан және пломбир қайтаруға жатады. Қызметтік куәлік және нөмірлі мөртабан жою туралы акт құрғаннан кейін жоюға жатады, бұл туралы қызметтік куәліктерді және нөмірлі мөртабандарды жою актілерін тіркеу журналдарында елтаңбалы мөрмен бекітілген тиісті жазба жүргізіледі. Қызметтік куәліктерді және нөмірлі мөртабандарды жою актілерін тіркеу журналдары формаларының үлгілері осы Қағидалардың 2-қосымшасында келтірілген. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау, өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау, азаматтық қорғаныс салысындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторларға қызметтік куәліктерді, төс белгілерін, нөмірлі мөртабандарды және пломбирлерді беру қағидаларына 1-қосымша Азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік инспекторларға қызметтік куәліктерді, төс белгілерін, нөмірлі мөртабандарды және пломбирлерді беру журналдары формаларының үлгілері 1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторларға қызметтік куәліктерді, төс белгілерін, нөмірлі мөртабандарды және пломбирлерді беру журналы № р/с Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектор-дың тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) Беріл- ген күні Қызмет- тік куәлік нөмірі Төс белгі- нің нөмірі Нөмірлі мөрта бан нөмірі, таңбасы Плом бир нөмірі, таңба сы Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) және қолы алған адамның берген адамның қызметтік куәлік, төс белгісі, нөмірлі мөртабан және пломбир 1 2 3 4 5 6 7 8 9 2. Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау, азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторларға қызметтік куәліктерді, төс белгілерін беру журналы № р/с Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспектордың, азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспектордың тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) Беріл- ген күні Қызмет-тік куәлік нөмірі Төс белгісінің нөмірі Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) және қолы алған адамның берген адамның қызметтік куәлік, төс белгісі 1 2 3 4 5 6 7 Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау, өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау, азаматтық қорғаныс салысындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторларға қызметтік куәліктерді, төс белгілерін, нөмірлі мөртабандарды және пломбирлерді беру қағидаларына 2-қосымша Азаматтық қорғау саласындағы қызметтік куәліктерді, нөмірлі мөртабандарды және пломбирлерді жою актілерін тіркеу журналдары формаларының үлгілері Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың қызметтік куәліктерін және нөмірлі мөртабандарын жою актілерін тіркеу журналы № р/с Қызметтік куәлік-терді және нөмірлі мөртабандарды жою актісін тіркеу күні Қызметтік куәлікті, нөмірлі мөртабанды және пломбирді қайтарып берген мемлекеттік инспектордың тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) және қолы Қызметтік куәліктің нөмірі Нөмірлі мөртабан-ның нөмірі, таңбасы Қызметтік куәліктерді және нөмірлі мөртабандарды жою бойынша комиссия мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) және қолы 1 2 3 4 6 8 Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау, азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың қызметтік куәліктерін жою актілерін тіркеу журналы № р/с Қызметтік куәліктерді жою актілерін тіркеу күні Қызметтік куәлікті қайтарып берген мемлекеттік инспектордың тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) және қолы Қызметтік куәлік нөмірі Қызметтік куәліктерді жою бойынша комиссия мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) және қолы 1 2 3 4 5 6 7 Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 1 тамыздағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №9657 болып енгізілді.